Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте төбелес кезінде бір адам көз жұмды

Шымкентте төбелес кезінде бір адам қаза тапты. Қайғылы жағдай 26 шілдеге қараған түні Қазиев пен Шынар көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Отырар телеарнасына сілтеме жасаған Kazlenta.kz


Куәгерлердің сөзінше, күдікті марқұмның екі жеріне үшкір зат тығып алған. Соның салдарынан 19 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкерлері күдіктінің қолға түскенін хабарлады. Оның жасы небәрі 17-де. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тіркелген. Қажетті сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

"26 шілде Абай ауданының полиция басқармасына 2003 жылы туған ер адамның денесі табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде 2005 жылы туған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекеева. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді