Сн, 03 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан шекарасында көлік өткізу уақыты қысқаруы мүмкін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанның кедендік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекетін және Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМ МКК бас диспетчерлік басқармасын жаңғырту және техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Реконструкциялау екі кезеңмен жүзеге асырылмақ, яғни 2022-2023 жылдары – "Достық авто", "Достық т/ж", "Майқапшағай", "Бақты", "Қалжат", "Тәжен", "Қапланбек", "Темір Баба", ал 2023-2024 жылдары – "Атамекен»", "Қазығұрт" және БДБ өткізу бекеттері жаңғыртылатын болады.

Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайып, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Сонымен қатар бизнес-процестерді автоматтандыру, кедендік бақылауды орталықтандыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды қолға алу жоспарланған.

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттардың бәрі әзірленді. Құрылыстың бастапқы кезеңінде барлық нысандар бойынша сапалы және уақытылы орындалуын бақылау үшін жұмыс кестелерін бекіту көзделген. Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды. "Осы бекеттер арқылы тауар айналымының ұлғаюына байланысты бюджетке қосымша түсімдер түседі. Бұл ретте жобаны іске асыруды тездету қажеттігіне назар аударғым келеді" — деді премьер-министр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті