Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қанша қаржы үнемделді

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қанша қаржы үнемделді
Фото: pixabay.com

2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен проактивті форматқа ауыстырудың нәтижесінде мемлекеттік бюджеттен 114 млн теңгеден астам сома үнемделді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мұндай нәтижеге құжаттарға қол қоюшыларды қысқарту және кейбір қызметкерлерді мемлекеттік қызмет көрсету процесінен шығару арқылы қол жеткізілді. Бұл жұмысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызмет көрсету процестерін трансформациялау және реинжиниринг шеңберінде өткізді.

Мәселен, 2022 жылдың соңынан бастап 2023 жылдың басына дейін 3 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және жерлеуге біржолғы төлем тағайындау, - делінген Еңбекмин таратқан хабарламада.

Аталған қызметтерде адам факторы толығымен алынып, автоматты түрде тағайындала басталды.

Осылайша, қызмет алушыларға проактивті форматта қызметті алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіліп, оған жауап алған кезде ақпараттық жүйе адамның қатысуынсыз шамамен 1 күн ішінде жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Бұрын жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға 7 адам қатысып, үрдіс 8 жұмыс күніне дейін созылатын.

Сонымен қатар, бала тууға және бала күтіміне арналған жәрдемақы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем бойынша өтініштерді қарау тәртібі жеңілдетілді.

Оңтайландыру аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандарының осы процеске қатысуы алынып тасталып, бұл қызмет көрсету мерзімі 8 күннен 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

2023 жылдың соңына дейін осындай тәртіппен көрсетілетін қызметтердің тағы 4 түрі бойынша өтініштерді қарау мерзімін қысқарту жоспарлануда. Олар: көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау; еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем; асыраушысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем; бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, - делінген хабарламада.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді