Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҰБТ және педагогтардың білімін бағалау процестеріне заңсыз араласудың жолы кесілді

ҰБТ және педагогтардың білімін бағалау процестеріне заңсыз араласудың жолы кесілді
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді  және педагогтердің білімін бағалауды жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жетімдіктерін пайдаланып, күдіктілер арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың қызығушылық танытқан компьютерлеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақы үшін оларға тесттен жоғары нәтижелер алуға жәрдем көрсеткен.

2023 жылғы 19 шілдеде 3 негізгі күдікті ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207 «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу») және 210 баптары («Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін 6 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты