Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алиментке арыз берген экс-әйелін соққыға жыққан Ақтөбе облысының тұрғыны сотталды

Алиментке арыз берген экс-әйелін соққыға жыққан Ақтөбе облысының тұрғыны сотталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін алимент өндіру үшін сотқа арыз бергені үшін соққыға жығып, бас бостандығынан шектелді. Енді ол жазасын Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде өтейтін болады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалақысының жартысы алимент үшін ұсталғанын көрген Хромтау ауданының тұрғыны ашуға булығып, үйіне көрші тұратын бұрынғы әйелінің сөйлесу кезінде дұрыс жауап бермегенін сылтау етіп, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, соққыға жыққан.

Соққы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған жәбірленуші У. өзін соққыға жыққан бұрынғы жолдасын сотқа берді. Бірақ кейін ол ойын өзгертіп, өзін соққыға жыққан бұрынғы жолдасын кешіретінін және материалдық, моральдық залалдың толық өтелгенін айтып, медиациялық келісімге келгенін айтады. Сондай-ақ алимент өндіруден бас тартқанын алға тартып, Соттан бұрынғы күйеуінің бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрайды. Алайда Хромтау аудандық Соты сотталушы азаматты ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Хромтау аудандық прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарын түсіндіру, алдын алу мақсатында, аталған сот отырысына Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды қатыстырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін алға тартып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге толықтай жәрдем беру бағытында тапсырмалар беруде. Жалпы Хромтау аудандық прокуратурасы сотталғандарға қылмыстық жауапкершілікті практика жүзінде көрсете отырып, осы арқылы қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында алдағы уақытта сотталғандарды қылмыстық іске қатысты сот отырыстарына жиі қатыстыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар осындай сот отырыстарына сотталғандарды қатыстырудағы тағы бір мақсатымыз – 2023 жылдың 19 мамырында отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілгенін, яғни отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барған азаматтар жаңа заңға сәйкес бұрынғыдай жеңіл жазамен құтылмайтындығын пробация есебінде тұрған басқа да сотталғандарға түсіндіру, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алтын Аққазиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді