Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысындағы Бұқар-Жырау аудандық полициясында жауынгерлік және даңқ мұражайы ашылды

Қарағанды облысындағы Бұқар-Жырау аудандық полициясында жауынгерлік және даңқ мұражайы ашылды
Фото: polisia.kz

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қарағанды облысындағы Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасында жауынгерлік және даңқ мұражайы ашылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Полициясы күні қарсаңында Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасында болып, жауынгерлік және даңқ мұражайының ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара алдымен аудандық полиция басқармасының ауласында қызмет бабында қаза тапқан Қайрат Хомутов пен Рахат Әдешовтің құрметіне орнатылған мемориалдық тақта тасына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған қаза болған тәртіп сақшыларының туған-туыстары, полиция қызметкерлері және ардагерлер қатысып, мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.


– Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда жан тапсырған әріптестеріміз жетерлік. Оның дәлелі Қайрат Хомутов пен Рахат Әдешовтің жасаған ерліктері. Біз олардың ерлігіне әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Олар елдің тыныштығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау жолында қаза тапты. Олардың есімдері біздің мәңгі жадымызда, – деді полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Еске алу шарасында сөйлеген сөзінен кейін, облыстың бас сақшысы қаза болған батырлардың жұбайларына “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерекелік медальдарымен гүл шоқтарын табыстады.


– Полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасында түсіністік болуын тілеймін. Сіздер өз мамандықтарыңызға берілген жансыздар. Сондықтанда халықтың тарапынан сіздердің ауыр да күрделі жұмыстарыңызға әрқашан түсіністік болса екен деймін. Облыстық полиция департаменті басшылығына қаза болған әріптестердің отбасын ұмытпай, сыйлап жатқандарына алғысым шексіз, – деді Қайрат Хомутовтың жұбайы Гүлнар Хомутова.


Осыдан кейін, полиция бөлімінің ғимаратында жауынгерлік және даңқ мұражайының ашылу салтанаты болды. Мұражайда аудандық полиция бөлімінің кешегісімен бүгінгі күнінен сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған. Шара соңында департамент бастығы Санжар Әділов мұражайға кітаптармен теледидар сыйға тартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты