Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итімен табылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды.