Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да буаз маралды заңсыз атып алған күдіктілер анықталды

СҚО-да буаз маралды заңсыз атып алған күдіктілер анықталды
Фото: polisia.kz

СҚО-да буаз маралды заңсыз атып алған күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 29 мамыр күні Қызылжар ауданының аумағында құжаттарын тексеру мақсатымен Тайынша ауданының 62 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқатты. Жанында 41 жастағы ауылдасы отырған.

Жүксалғышты тексеру кезінде жануардың еті табылды. Алғашында ер адамдар оның сиыр еті екенін және Петропавлға сатуға апара жатқанын айтты. Бірақ Қызылжар ауданының полиция бөлімінен келіп жеткен жедел-тергеу тобының тәжірибелі қызметкерлеріне олардың сөздері күмәнді көрінді. Сырттай қарағанда еттің шын мәнінде жабайы аңның, яғни маралдың етіне ұқсайтыны анық байқалып тұрды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілердің айтуларынша, ұрғашы маралды Тайынша ауданындағы Макашевка ауылынан 15 км жерде атып алған. Олардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан еттің бір бөлігі мен Caesar Guerini мылтығы тәркіленді. Қару осы іске қатысы бар екінші адамға тіркелген, оның үйінен полицейлер етті мүшелеудің іздерін анықтады.

– Сондай-ақ күдіктілерден жауап алу барысында жануардың басын, терісін, тұяқтарын және ішіндегі тууға шақ қалған ұрықты лақтырып кеткен орын белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. Айта кету қажет, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қандай да бір аңшылыққа тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген, – дейді Қызылжар ауданы ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты