Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жалдамалы алаяқ ұсталды

Павлодарда жалдамалы алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодарда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта Павлодар облысының аумағында алаяқ қылмысы артып кетті. Мәселен, 6 маусымда Forte bank қызметкерлерінің көмегімен облыстық орталықтың банкоматтарында алаяқтық жолымен өндірілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 28 жастағы павлодарлық қызметкер анықталып, ұсталды.

Ол бұл адамдармен Telegram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шыққан. Олар несие алуға ұсыныс жасап, СМС-кодтар, карта нөмірлерін алған. Содан кейін құпия деректер арқылы олардың шоттарынан ақша ұрланған.

– Тергеу-жедел іс-шараны өткізу барысында күдікті павлодарлықтың жасалған қылмысқа қатысы бар екені анықталды, онда көрсетілген схема бойынша Ақтоғай ауылының 42 жастағы тұрғынынан 3,9 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденген. Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысының ПД бастығы Василий Скляр.

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарға әсіресе егде жастағы азаматтарға қырағы болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырады.

Алаяқтарға құпия деректерді бермеңіз.
Жеңіл ақша табуды ұнататындар, егер сізге әлеуметтік желілер арқылы “дропер” немесе “курьер” жұмысы ұсынылса және бұл жұмыс заңсыз әрекеттермен байланысты болса, қылмыстық жауапкершілікті есте ұстаған жөн. Полиция мұндай ұсыныстан бас тартуға және заңсыз әрекеттерге қатыспауға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді