Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Берлиндегі Armageddon Women’s Chess Week турнирінде үздік атанды

Бибісара Асаубаева Берлиндегі Armageddon Women’s Chess Week турнирінде үздік атанды
Фото: Дирекция по развитию спорта

Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week турниріне қатысты. Бұл туралы 19 жастағы қазақстандық шахматшы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, турнир өте қызық форматта өтті.

Ереже қарапайым: нокаут жүйе бойынша турнир, 2 блиц ойын, 1-1 есебінде Армагеддон ойналады, яғни қателікке жол жоқ.

Әлемнің ең мықты 8 шахматшысы қатысып жатыр.

«Мен барлық матчтарды жеңе алдым, тек бір Армагеддон ойнадым және бүкіл турнирде бір ойында ғана жеңілдім. Бірінші кездесуде Грузияның ең мықты шахматшысын, 2017 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы Н.Дзагнидзені 2-0 есебімен ұттым», – дейді Б.Асаубаева.

Екінші айналымда шахматшы 2022 жылы блиц бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі Х.Конеруды жеңді.

Ол жартылай финалда Г.Мамедзаданы 1.5-0.5 есебімен жеңіп, финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды.

Ақтық сайыста Бибісара Х.Конераны негізгі уақытта 1.5-0.5 есебімен тағы да ұтты.

«Демалуға уақыт жоқ, бүрсігүні Кипрде әйелдер арасында Гран-при кезеңі басталады», - деп түйіндеді спортшы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті