Полицейлер қарағандылық әйелден жарты келіге жуық героин тәркіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы әйелді анықтады. Тінту кезінде күдікті ерікті түрде жалпы салмағы 448 гр болатын үш орам героинді тапсырды. ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.11-05-2023, 14:53
Полицейлер қарағандылық әйелден жарты келіге жуық героин тәркіледі

Фото: pexels.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз