Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайлық ҰОС ардагерінің медалі 8 мың еуроға сатылған

Қостанайлық ҰОС ардагерінің медалі 8 мың еуроға сатылған
Фото: kstnews.kz

Қостанайлық ҰОС ардагерінің наградасы 8 мың еуроға сатылған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әңгіме Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Петр Родионовқа тиесілі "Золотая Звезда" медалі туралы болып отыр. Ол соғыстан кейін Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылында тұрған. 1978 жылы Петр Родионов қайтыс болды.

"Костанайские новости" басылымының мәліметінше, 2022 жылдың қарашасынан бастап ардагердің №8825 медалі ағылшын тіліндегі фалеристика сайттарының бірінде сатылымға шығарылған. Сатушы ретінде голландиялық Мэтт Янсен көрсетілген. Мэт Янсен медальді 8 000 еуро деп бағалаған.

Мақала авторы Қазақстанда өмір сүрген ардагердің марапаты Нидерландыға қалай барғанына таңғалған. Ардагер қайтыс болғаннан кейін медаль Петр Родионовтың ең жақын туыстарына мұра болды деген болжам бар.

Басылым "Стан-Центр" директоры Андрей Выпользовтың ақпаратын берген, ол Нидерланды азаматымен хабарласқан.

"Біз Кеңес Одағының Батыры Петр Родионовтың медалін сатушы Мэтт Янсенмен байланысқа шықтық. Хат-хабарларға қарағанда, бұл ақылды, білімді еуропалық азамат, ол үшін кеңестік наградаларды сату "жай бизнес". Ол тіпті медаль сатылып кеткеніне өкініш білдірді. Сегіз мың еуроға. Кімге екенін айтпайды, коммерциялық құпия", - деп атап өтті басылым.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті