Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда полиция қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі

Ақтауда полиция қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі
Фото: polisia.kz

Ақтауда полиция қызметкерлері қылмыстық топты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Ақтау қаласының “Кораблик” бизнес орталығының артындағы автожолда Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, бопсалау фактісіне күдікті 26 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы оның жолаушысын ұстады.

Жәбірленушінің айтуынша, бір топ адамдар оны бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, атыс қаруын қолданамын деп қорқытып, 500 мыңтеңге талап еткен, сондай-ақ жәбірленушіге тиесілі автокөлікті алып кеткен.

Полицейлер автокөлікті тінту барысында патрондары бар “ПМ” маркалы жауынгерлік тапаншаны тауып, тәркіледі. Күдіктілердің уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында бірінің пәтерінде бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Басқа екі мекенжай бойынша тінту кезінде 25, 26 және 28 жастағы бопсалау дерегіне күдіктілер анықталды. Олардың тұрғылықты жерінен полицейлер тағы бір тапанша, екі мылтық және оларға оқ-дәрілердің едәуір санын тауып, тәркіледі.

Мекенжайлардың бірінен Opel Vectra көлігі табылды. Оны ұсталғандар жәбірленушіден күшпен тартып алғаны белгілі болды.

Бопсалау және қаруды сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз әрекеттерін мойындады. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады