Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«AMANAT» бағдарламасы: денсаулық сақтау саласы жаңғыртылады

«AMANAT» бағдарламасы: денсаулық сақтау саласы жаңғыртылады

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Ерлан Сұлтангереев денсаулық сақтау саласының үздігі, ардагер Тұрар Шерияздановпен кездесуде заманауи медицина мәселелерін талқылады. Кездесу «Есіктен есікке» акциясы аясында өтті.

Үміткер денсаулық сақтау саласында айтарлықтай өзгерістер болатынын айтты.Партия бағдарламасында осы салада бес жылда жүзеге асырылуы тиіс аса маңызды міндеттер белгіленген. Атап айтқанда, оң өзгерістер ауылдық жерлердің дамуына ықпал етеді.

– Ақтөбе облысы халқының 26 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Партия бағдарламасына сәйкес, негізгі күш облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдауға және дамытуға бағытталады. Бұл ретте денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік салаларын жаңғырту, аудандарды түлету көзделіп отыр. Мәселен, алдағы 5 жылда 19 ауылда жаңа мектеп, 13 ауылда аудандық аурухана салынады, сондай-ақ 78 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 196 медициналық пункт ашылады.

Ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін жас дәрігерлерге көтерме жәрдемақы төленеді, олар баспанамен қамтамасыз етіледі. «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында өңірлерде жыл сайын кемінде 100 маманды жұмыспен қамту жоспарлануда, – дей келе Ерлан Сұлтангереев ақсақалды алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

Тұрар Шериязданов өмір бойы дәрігер болып еңбек еткен. Ардагер Ойыл туберкулезге қарсы диспансерін басқарды, Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері болды, аудандық санэпидстанцияны, басқа да емдеу мекемелеріне басшылық етті. Ол денсаулық сақтау саласы мәселелерін жетік біледі. Аудандық ауруханалардың жаңа құрал-жабдықтармен, кадрмен қамтамасыз етілетінін естіп, өз қуанышын жеткізді.

— Мен ауылда туып-өстім, көп жылдар жұмыс істедім. Ауылдарда білім мен денсаулық сақтау саласының дамитынына қуаныштымын. Әрбір облыс тұрғыны сапалы қызмет алуы керек. Балалар кең аудиторияларда оқып, науқастар білікті дәрігерден ем ала алады, жастардың дамуына, үйде отырып өз ісін бастауына зор мүмкіндіктер беріледі. «АМАNАТ» партиясының барлық саланы қамтыған бағдарламасы адамдардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайтыны қуантты. Сондықтан мен партияны қолдаймын және алдағы сайлауда «AMANAT»-қа дауыс беремін, — деді Тұрар Шериязданов.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды