Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қарулы ер адамды залалсыздандырған полицейге 2 айлық көлемінде жалақы берілді

Шымкентте қарулы ер адамды залалсыздандырған полицейге 2 айлық көлемінде жалақы берілді
Фото: zakon.kz

Шымкентте қарулы адамды бірінші болып залалсыздандырған жедел уәкіл Арман Әріпжановқа көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін екі есе көлемде жалақы берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz Zakon.kz. сайтына сілтеп.

Шымкенттегі атыс кезінде Арман оқиға орнына жақын маңда жүрген. Полиция капитаны көшеде оқ атылған жаққа тез ұмтылып, қаскөйдің назарын өзіне бұра отырып, оны ұстап алған. Құқық қорғау органдарының айтуынша, қарулы адам оған оқ атқысы келген, бірақ полицейдің кәсіби шеберлігінің арқасында оған мүмкіндік бермеген.

"Ол кезде ұрлық ісімен айналысып, әріптесім екеуміз бейнебақылау кадрларын қарап отырғанбыз. Бір уақытта оқ атылғанын естідім, бірден көшеге шықтым. Оқиға орнында студенттер көп болды, олардан бұл арада тез кетуін сұрадым. Содан кейін қылмыскердің артынан жүгіре жөнелдім, ұрымтал сәтті пайдаланып, оны патрульдік полицияның көлігінде ұстап алдым. Әріптестерім оның көңілін бөліп, назарын өздеріне аудартқанда шалт қимыл жасадым. Ол мені атқысы келді, бірақ одан мен жылдам болып шықтым. Қаруын қағып түсірдім. Қорқыныш болған жоқ, Мен өз жұмысымды жасадым. Басты мақсат қарулы қылмыскерді залалсыздандыру болды. Менің ойымша, бұл - әр полицейдің халқы алдындағы борышы. Полицей болу-менің бала кезімдегі арманым", - деді Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ жедел уәкілі Арман Әріпжанов.

Шымкент полиция департаменті ІІМ-ге Арман Әріпжановты Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде сұраным жолдады. Полиция капитаны дәрежесін көтермелеу жағын да  Ішкі істер министрлігі шешеді.

Бұған дейін Шымкентте атыс болғандығы туралы хабарланған болатын. Қарулы адам қару-жарақ дүкенін тонағысы келген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда