Толық 2018 жылдың көрсеткішімен салыстыратын болсақ, онда физикалық мәндегі өсім 16,6%-ды құрады, ал құндық мәнде көрсеткіш жеті есеге жуық өсті.
Сату көлеміне келетін болсақ, мемлекет тарапынан шектеулерге байланысты экспорттық өнімнің бұл түрі бойынша күрт ауытқулар мүмкін емес. Президенттің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» жарлығына сәйкес, елден 100 грамнан астам алтын құймалары мен тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынды. Бұл ҚР Ұлттық банкінің немесе құрамында алтыны бар шикізатты Қазақстанға қайта өңдеу және басқа елдерге кері экспорттау үшін импорттайтын ірі өнеркәсіптік компаниялардың операцияларына қатысты емес.
Бір қызығы, 2022 жылы қазақстандық алтын экспортының құрылымы өзгерді. Егер 2017–2021 жылдары сары металдың негізгі сатып алушысы Қырғызстан болса, өткен жылы экспорт көлемі физикалық мәнде ең осы елге (52,5% немесе 2,2 тонна) шыққанымен, бірақ ақшалай Ресей ең көп сатып алды. Экспорттық пайызы 61,6%-ы (41,2 млн АҚШ доллары) Ресейге, 38,3%-ы, яғни 25,7 млн АҚШ доллар Қырғызстанға тиесілі.
Қазақстандық алтынды сатудан түсетін табыс өсімінің маңызды факторы әлемдік нарықтағы қолайлы жағдай болды. World Gold Council халықаралық ұйымының дерегінше, 2022 жыл соңғы онжылдықта осы бағалы металға ерекше инвестициялық сұраныс артты.
Былтыр әлемде 4742 тонна алтын сатылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% артық. Оның үстіне, бұл негізінен әртүрлі елдердің орталық банктері тарапынан осы активке сұраныстың артуына байланысты болды. Тұрақсыздық пен пессимистік болжамдар аясында олар 1136 тонна алтын сатып алды. Дүниежүзілік алтын кеңесі сарапшыларының бұл көлемі соңғы 55 жылдағы орталық банктерге сату статистикасындағы рекорд деп аталады.
Сұраныстың артуы өз кезегінде бағаға әсер етті. Өткен жылы сату үшін ең қолайлы уақыт наурыз-сәуір айлары болды, ол кезде алтынның бір унциясының құны 1,9 мың АҚШ доллардан жоғары болған. Баға ең төмен уақыт қыркүйек-қазан айларында тіркелді, онда бір унция бағамы 1,65–1,63 мың АҚШ долларына дейін төмендеді.2023 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша бұл активтің бір унциясы 1,92 мың АҚШ доллары тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,3% жоғары.