Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Екібастұз жылу энерго" ЖШС 1,1 млн теңге айыппұл төлейтін болды

"Екібастұз жылу энерго" ЖШС қалалық ЖЭО-дағы заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы атом және энергетикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Ринат Кәкімжанов мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Екібастұз ЖЭО ЖШС-дегі технологиялық заң бұзушылықтарды тергеу нәтижелері бойынша" "Екібастұз жылу энерго" ЖШС екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 300 "Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың бекітілген ережелерін, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалануды бұзу", сондай-ақ "Энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу" 301-2 "Технологиялық заң бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзу", - деді Ринат Кәкімжанов. 
Сонымен бірге ол қараша айындағы апатпен екі комиссия айналысқанын атап өтті. Олардың бірі Екібастұз ЖЭО-дағы технологиялық заң бұзушылықтарды анықтаса, екіншісі - жылу желілеріндегі заң бұзушылықтарды анықтаған. Сарапшының айтуынша, Екібастұз ЖЭО-да технологиялық заң бұзушылықтың басты себебі - химиялық цех қызметкерінің жылу желісі құбырларының кері бағыттағы қысымын электрконтактілі манометрінің дұрыс емес көрсеткіштері салдарынан қоректендіру сорғыларын қосу (импульсті желі қатып қалған) болған.
"Осыған орай, кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жоспардан тыс тексеру аясында, "Екібастұз жылу энерго" ЖШС 300-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді құзырлы ведомство өкілі. 
Бұдан бөлек, ведомство әкімшілік істерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қарағанын атап өтті. Нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 110 750 теңгені құраған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді