Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбенің жаңа әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады

Таяуда Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалған Мұрат Жүребеков қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz шаһар әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Мұрат Жүребеков үндеуінде синоптиктердің болжамына сүйене отырып алдағы күндері қалада қатты аяз күтілетінін хабарлады. Яғни сынап бағаны күндіз - 25 градусқа, ал түнде - 38 градусқа дейін төмендемек. Осыған байланысты ол өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, қала бойынша жылу беру жүйесінің жұмысына жауапты барлық коммуналдық ұйым күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін, сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылғанын атап өтті.

“Дегенмен, өздеріңнің қолдауларыңыз қажет. Үйлеріңіздің жылу желісін үйді басқарушы компаниямен (КСК, ОСИ, кондоминиум) бірге қадағалап, тексеріп отырғандарыңыз абзал. Сонымен қатар аязды күндері аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауды, алысқа жолға шықпауды сұраймын. Сондай-ақ автотұрақтар мен аялдама аумақтарынан қар шығару кезінде кедергі болмас үшін жол жиегінде көлік құралдарыңызды қалдырмауларыңызды сұраймын", – дейді Мұрат Жүребеков.

Шенеунік қазір қалада соңғы екі күн бойы толассыз жауған қалың қарды тазалау жұмыстары күні-түні жүріп жатқанын атап өтті. Яғни алдымен көлік көп жүретін, автобус бағыттары бар көшелер, көпірлер тазартылған. Сонымен қатар Мұрат Жүребеков қала ішіндегі ғана емес, қала аумағына қарасты 54 тұрғын алаптың да жолдары қардан тазартылып жатқанын жеткізді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты