Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы ТЖД қатты ыстыққа байланысты тұрғындарға үндеу жасады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті оңтүстік астана тұрғындарына аптап ыстыққа байланысты үндеу жасады. Ведомство өкілдері қалалықтарды күннен қорғану үшін серуендуден аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Ведомствода хабарлағандай, қалада осыған дейін дауылдық ескерту жарияланған. Алматыда 36 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін. Құтқарушылар аптап ыстық адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін деген пікірде. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға ерекше қауіп төндіреді.

"Жаяу жүруді шектеңіз, физикалық белсенділікпен айналыспаңыз. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдаңыз. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек", - деді ТЖД өкілдері.
 
Сонымен қатар мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесінен қорғану үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді