Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роналду "Әл-Наср" сапындағы алғашқы матчын қашан өткізетіні белгілі болды

Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапындағы алғашқы жаттығу жұмыстарына қатысқаны белгілі. Португалиялық сұрмерген Сауд Арабиясының чемпионатында өнер көрсететін клубтың бүгінгі матчына қатыса ма, деп жазады kazlenta.kz
Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубының 5 және 12 қаңтардағы екі ойынына қатыса алмайды. Өйткені, шабуылшыны Англия футбол қауымдастығы (FA) қараша айында екі матчқа шеттеткен. Ол кезде Роналду "Манчестер Юнайтед" ойыншысы еді. Белгілі болғандай, Португалия құрамасының капитанына аутизммен ауыратын баланың телефонын сындырды деген айып тағылып отыр. Айта кетейік, Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" клубы 2025 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырды. Португалиялық сұрмерген ауысқанға дейін клубтың Instagram желісінде 860 мыңдай оқырман болатын. Қазіргі уақытта оның саны 9 миллион 400 мыңға жетті. Яғни бірнеше күннің ішінде "Әл-Наср" клубының Instagram желісіндегі парақшасына сегіз жарым миллионнан астам жанкүйер қосылып отыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды