Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек министрі 17 желтоқсан қайта демалыс күні болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді

Ел тұрғындарының бірі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға 17 желтоқсанды қайта демалыс күні ету мүмкіндігін қарастыруды сұрап, хат жазған. Мұндай өтініш "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберілген, деп хабарлайды kazlenta.kz

Автордың жазуынша, 25 қазан – Республика күні болып қайта жариялауына байланысты демалыс мәртебесі де қайтарылған. Алайда 1 және 17 желтоқсан демалыс күндері тізімнен алып тасталған.
"Мен түсінем, мүмкін, Еңбек министрлігі еңбек пен демалыстың теңгерімін назарға алған шығар. Бірақ біз, Қазақстан Республикасының азаматтары 17 желтоқсан әрқашан ұлттық мереке мәртебесінде болғанына үйреніп қалғанбыз", - делінген хатта. 
Бұл өтінішке байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді. Ол ведомство 17 желтоқсанға мереке күні мәртебесін қайтаруды мақсат етпейтінін айтты. "16 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Бұл орайда еске алу күні 17-18 желтоқсан болып отыр. Сол себепті 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады