Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желіде аққуға ұқсайтын құсты аулаған ер адамдардың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде өзенге балыққа келіп, "үйрек" ұстап алғанын айтқан ер адамның видеосы пайда болды. Желі қолданушылары ер адамның қолындағы құс аққу екенін алға тартуда. Бұл жайттың Қызылорда облысында болғаны жазылған. Осыған қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Аталған видео Instagram парақшаларының бірінде жарияланды. "Қызылордада киелі аққу құсына шанышқы тығып өлтірген. Не сұмдық бұл? Қатаң жаза қолдануларыңызды сұраймын", - делінген жазба сипаттамасында. Видеода сыртында сөйлеп тұрған ер адам танысының балық аулап жүріп үйрек ұстап алғанын, кешке қуырдақ болатынын айтады. Видеоны көрген желі қолданушылары полициядан бұл адамдарды жазаға тартуды сұрауда. Олардың сөзінше, видеодағы құс үйрек емес, аққу. "Жүрегім ауырғаны-ай осы видеодан", "Мыналар аққу екенін де білмейді ғой, "үйрек" дейді", "Үйрек емес, ол - киелі аққу. Аққуды өлтіруге болмайды", - деп жазуда желі қолданушылары. Бұған қатысты Қызылорда облысы полиция департаменті пікір білдірді. "Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы аққу құсын арнайы құралмен аулап-ұстау дерегі Қызылорда облысының полиция департаментінде және оған бағынысты қала, аудандық бөліністерде тіркелмеген. Қосымша тексеру жұмыстары жүргізілуде", - дейді Қызылорда ПД баспасөз хатшысы Гүлжаһан Қайырбергенова.

Кейін аталған жайтқа байланысты Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы да пікір білдірді. Әлеуметтік желіде белгісіз тұлғаның аққуды табиғи ортадан заңсыз алып қою әрекеті туралы жарияланып, таралып жүрген видеода Қылмыстық кодекстің 337 бабына сәйкес заңсыз аң аулау әрекеті байқалуына байланысты құқық бұзушыны және оның заңсыз іс әрекетін анықтап, заң аясында тиісті шешім қабылдау үшін Қызылорда ОПД-не "Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ-нің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №03-12/1080-И хаты жолданды", - дейді инспекция өкілдері. Аумақтық инспекция сондай-ақ осы мәселеге байланысты тиісті шешім қабылданатынын да атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты