Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынғандығы белгілі болды

Бірнеше күн бұрын Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ұстаған журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz.

"Бүгін Алматы қаласының тергеу соты М. Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтінішін қарауды аяқтады. Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қаралып, қанағаттандырылды. 2023 жылғы 18 ақпанға дейін қамауға алуды санкциялау туралы қаулы қабылданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды, себебі бұл тергеу құпиясы", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы арыз жабық сот отырысында қаралғанын атап өтті. Өйткені журналист мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады, таратты, жария етті деген күдікке ілінген. Еске сала кетейік, 2022 жылдың 18 желтоқсанында журналист Михаил Козачковты Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұйымдасқан топқа қарсы қылмыстық тергеу аясында ұстаған болатын. Кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар медиа қоғамдастық өкілінен Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты үндеу түскенін хабарлады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады