Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

Бейсенбі, 8 желтоқсан күні елордада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды. Бұл туралы астананың білім беру басқармасы өз Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Мұндай шектеу оқушыларға төртінші күн қатарынан енгізіліп отыр.

"2022 жылғы 8 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сейсенбі, 6 желтоқсанда Астанадағы бірінші ауысымда оқитын барлық мектеп оқушылары мен колледждердің 1 және 2 курс студенттерін қашықтан оқытуға жіберу туралы шешім қабылданған еді. Жалпы алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде қарлы бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қалың қар күтіледі.

Сондай-ақ алдағы үш күнде елімізде біртіндеп аяздың беті қайтады деп күтілуде: батыста түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз; солтүстікте түнде 18-28 градусқа дейін, күндіз 12-17 градусқа дейін аяз; орталықта және шығыста түнде 22-30 градусқа дейін, күндіз 13-20 градусқа дейін аяз болмақ. Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 13-25 градусқа дейін, күндіз 8-18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді