Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұрғын үй мәселесі: қалай баспана алуға болады?

ҚР-дағы үй шаруашылықтарының шығындары биылғы екінші тоқсанда, ҚР СЖРА ҰСБ үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша, жан басына шаққанда орташа есеппен 225,3 мың теңгені құрады — бұл халықтың орташа табыстың 94,6%-ын құрайды. Осы кезеңдегі халықтың жан басына шаққандағы табысы 238,2 мың теңге. Сонымен қатар, еліміздің төрт өңірінде үй шаруашылығының шығындары кірістен асып түседі: Алматы қаласында (10,6%-ға), Алматы облысында (10%-ға), Жетісуда (9,9%-ға) және Түркістанда (5,4%-ға), деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Халық шығынының 51,4%-ы немесе 115,8 мың теңгесі бірден ең қажетті азық-түлік тауарларына бағытталды. Оның үстіне еліміздің төрт өңірінде — Маңғыстау, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында азық-түлікке жұмсалған қаражат шығындардың 60%-дан астамын құрайды.


Дәл осы өңірлердің ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша аутсайдерлердің болуы таңқаларлық емес. Сонымен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үймен қамту көрсеткіштері ең әлсіз өңірлер қатарында Жамбыл, Түркістан және Алматы (қазіргі уақытта Алматы және Жетісуға бөлінген) облыстары бар: мұнда жан басына шаққанда небәрі 18–21 шаршы метрден келеді. Ал ҚР бойынша орташа көрсеткіш 23,2 ш. м және Астана қаласы бойынша көрсеткіш 30,6 ш. м.


Аталған өңірлердің тұрғындары үшін және жалпы табысы жоғары емес қазақстандықтар үшін тұрғын үй мәселесін шешудің уақыт сынынан өткен жолы — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі (ТҚЖ) бар. Сонымен қатар, жалақысы төмен қазақстандықтар коммерциялық банктердің стандартты ипотекалық бағдарламаларына сене алмайды: несиелік қаражат банктердің мөлшерлемелерін есепке алғанда тым қымбатқа түседі немесе азаматтар несие алмайды. Ал ТҚЖ жүйесі табысы төмен болса да жүйелі түрде қаражат жинауға, содан кейін қолайлы мөлшерлеме бойынша несие алуға көмектеседі. Бұл құрал қазір барлығына дерлік қолжетімді.


ТҚЖ жүйесі өзара тиімділік ұстанымымен жұмыс істейді. Біреулер жинақтап жатқанда біреулер сол қаражатқа несие ала алады. Бұл сыртқы қаржыландыру көздерінсіз жұмыс істеуге көмектеседі, бұл азаматтар үшін несиені қолжетімді етеді (аралық несиелер — жылдық 7%-дан, тұрғын үй қарыздары — 3,5%-дан). Қазақстанда ТҚЖ жүйесін тек Отбасы банкі жүзеге асырады, дегенмен ТҚЖ туралы заң кез келген қаржы ұйымына мұны жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда мемлекеттің рөлі салымшыларды бастапқы жарна бойынша жинақтарын қолдау болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен ТҚЖ жүйесіне қатысушыларға сыйақы төлеуге қаражат бөлінеді (200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20%), ол оның шотындағы әрбір салымшыға жеке есептеледі. ТҚЖ туралы заңға сәйкес, Отбасы банкінің жарғылық капиталына мемлекет қаражаты қатыспайды.


Бүгінгі таңда Отбасы банкінде 2,5 млн-ға жуық депозит, 418,4 мың несие, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша 122,1 мың несие бар. Ел экономикалық белсенді халқының 26%-дан астамы қазірдің өзінде ТҚЖ жүйесіне қатысушылардың қатарында.


Отбасы банкі сонымен қатар мемлекеттік және өңірлік жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың операторы. Бірақ мұндай бағдарламалар бойынша әрбір төртінші несие тек осы банкте беріледі, ал тағы үшеуі дәл ТҚЖ жүйесінің өзі аясында несие береді, яғни табысы төмен азаматтар үшін баспана мәселесі бюджеттік қаражатты құю арқылы емес, тұрғын үй жинақтарының принципімен шешіледі.


Еске салайық: ҚР-да бүгінде ипотекалық несиенің әрбір 10 теңгесінің 7-ге жуығын Отбасы банкі береді. Бұл, шын мәнінде, ҚР-да ипотека бойынша берілген қаражат көлемінің жартысына жуығын ТҚЖ жүйесі қамтамасыз етеді деген сөз. Оның үстіне бұл жүйе мемлекет тарапынан қаржыландыруды қарастырмайды және ел бюджетіне шығын жүктемейді.


Дегенмен, халықтың ерекше осал топтары — батыр аналар, мүгедектер мен олардың қамқоршылары, жетім балалар — шынымен де мемлекет тарапынан белсенді қолдауды қажет етеді. Дәл осындай жағдайлар үшін операторы Отбасы банкіндегі бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.


Оның үстіне бұл бағдарламалар кеңейіп жатыр. Мәселен, Отбасы банкінің көп бағдарламалардың бірі «Бақытты отбасы» енді көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан бөлек, «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» және «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша кезекте тұрған қазақстандықтарға да жеңілдетілген несие береді. Жаңа санаттардың өкілдері келесі конкурс жарияланған кезде бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді