Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда дүлей дауыл салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды

Таразда дауыл салдарынан үйлердің 32 көпқабатты және 16 жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Қалада ағаштар құлап, кей мекемелердің шатыры ұшып кеткен. Бұл жайлы Тараз қаласының әкімдігі ресми Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 

Әкімдіктің хабарлауынша, қазір тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. "Тараз қаласының аумағында 2022 жылғы 14-15 қарашасында жылдамдығы 15-20 м/с кейде 23-28 м/с болатын желді дауыл тіркелді. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері қала аумағында орын алған фактілер бойынша тексеру жүргізуде. Білім беру және денсаулық сақтау нысандарында шатырдың зақымдануы тіркелген жоқ.

"Шаңырақ" ауданындағы тарату пунктінен трансформаторлық торапқа өтетін электр желісі желдің салдарынан істен шығып, 28 үйде электр қуаты апатты түрде ажыратылды. Сондай-ақ 4 көпқабатты үйдің электр қуаты апатты түрде сөндірілді. Мердігерлік мекеме үйлерді уақытша электр желісімен қамтамасыз етті. Жеке үйлердің тұрғындарынан электр қуатын өшіру туралы 16 өтініш түсті. Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қала бойынша 3 бригада жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бірнеге көше қиылысында бағдаршамдардың жұмысы қалпына келтірілді", - деді Тараз әкімдігі.

Тараз әкімдігінің мәліметінше, дауыл салдарынан тұңғыш президент саябағындағы мемлекеттік ту жыртылған. "Сонымен қатар 25 билборд (28 баннер), 3 пилон, 1 қоршау, тұңғыш президент саябағында 6х12 өлшемді мемлекеттік ту жыртылды. Көше қиылысында желдің салдарынан ағаштардың құлауы туралы өтініштер келіп түсті", - деді Тараз әкімдігі. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Таразда ауа райына байланысты балабақша жұмысы мен 1, 2-ауысым үшін сабақ тоқтатылғанын айтқан болатынбыз. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді