Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан кімдер барды

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім барғаны белгілі болды деп хабарлайды kazlenta.kz парламент сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты. Аталған рәсім 2022 жылғы 18-19 қыркүйек күндері Лондон қаласында өткен. Сенат спикері 18 қыркүйекте Вестминстер холлында Патшайымның табытын зиярат ету рәсіміне қатысып, Қазақстанның атынан ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Ол II Елизавета аса көрнекті көшбасшы және британ ұлтының бірлігі мен тұрақтылығының символы болғанын, алдағы уақытта да патшайымның тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре беретінін атап өтті. Сол күні Мәулен Әшімбаев Букингем сарайында Король ІІІ Чарльздің Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларының және корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған қаралы қабылдауына қатысты. Сенат төрағасы Король ІІІ Чарльзбен сұхбат барысында мемлекет басшысының атынан көңіл айтып, ел президентінің шешімі бойынша жақын арада Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета патшайымның есімі берілетінін жеткізді.

Ұлыбритания монархы мұрагер ханзада ретінде 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды. Король патшайымның қазасына байланысты ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына игі тілектері мен ілтипатын жеткізген. Қазақстандық делегация 19 қыркүйекте Вестминстер аббаттығында өткен II Елизавета Патшайымды жерлеу рәсіміне қатысты. Біздің ел делегациясының құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың болғанын да атап өткен жөн. Рәсімге 2000-ға жуық мейман қатысқан. Олардың қатарында корольдік отбасының мүшелері, мемлекет және үкімет басшылары, дипломаттар мен қоғам өкілдері бар. Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте 70 жыл тақта отырған Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қайтыс болды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті