Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев АҚШ Конгресінің делегациясымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланған. Одан бөлек АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылған. 

Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өткен. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізген. 

Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған жолдауының негізгі бағыты туралы да айтып берген. Өз кезегінде конгрессмендер мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалаған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді