Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті

Кездесуде Мария Әуезова Елбасыға қамқорлығы үшін және оның арманын орындап, бионикалық протез алуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті спортшының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан Эвересті бағындыруға бел буған табандылығы мен өжеттігін атап өтті.

– Кезінде мен де Абай шыңын бағындырдым. Бұл қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Сізге жарайсыз демекпін. Мұндай дүниелер адамдарға шабыт беріп, қанаттандыра түсері сөзсіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Анықтама үшін:

2021 жылғы сәуір айында Мария Әуезова альпинистер командасымен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) шықты. Елбасы Эвересті екі аяғының жоқтығына қарамастан бағындырған альпинистің ерлігіне тәнті болып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында оған протез алуға көмектесуге уәде берген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен М.Әуезоваға бионикалық протез алынды және ол мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті