Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, еліміздің наиб мүфтиі Кенжеәлі Мырзабаев мырза іс-сапармен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Ең әуелі елордалық қонақ Талдықорған өңірінің имамдармен кездесу өткізді. Шара барысында наиб мүфти дін саласындағы қызметкерлердің тәжірибесін, біліктілігін арттыру үшін, еркін кездесу өткізіп, өзінің ақыл кеңесің айтып, үгіт насихат жұмысын жүргізіп өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, жеті бағыт бойынша нақтыланған жұмыстарға аса ерекше көңіл бөлінді. Жиынға қатысуышылар ҚМДБ төрағасын қолдап, бұл бағытта аянбай еңбек ететінін нақты жеткізді.
Жеті бағыттың алғашқысына тоқталатын болсак, бұл жерде мешітке аяқ басып келген жамағатпен жеке жұмыс істеу, олардың тұрмыс жағдайына, отбасылық мәселелеріне көңіл бөлу, мүмкіндігінше көмек көрсетуге басты назар аударған жөн. Жамағаттың басын біріктіретін іс-шаралар, спорттық ойындар ұйымдастыру сұрақтарыда басқосуда ерекше назар қойып атап өтілді.
Тағы бір үлкен мәселелерге тоқталатын болсақ, ол жастардың өзге діни, теріс ағымдар жетегіне кетуінің алдын алу, келешек ұрпақтың өкілдерімен байланысты күшейту, шәкірт тәрбиелеу мәселесіне назар аудару қажеттігі қаралды.
Ал, үшінші бағыт бойынша имамдардың діни сауатын көтеру, технологиялар қарқынды дамып келе жатқан заманда дін саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, олардың фиқһ, ақида пәндерінен тереңдетілген жүйелі дәріс жүргізуді, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығы басты назарда болу керектігін, наиб муфти аса ерекше атап өтті.
"Мешітке әр келген жан, Алланың үйін өз үйіндей қабылдап, жылулық сезінуі тиіс. Дін саласында қызмет ету – үлкен аманат, сауапты және өте жауапты жұмыс екенін ұмытпағанымыз, жөн ағайын. Сондықтан, исламды имамға қарап, түсінетіндей дәрежеге жетуіміз керек. Діни салада әсте босаңсуға болмайды", - деп айтты еліміздің наиб мүфтиі Кенжеәлі Мырзабаев мырза.