Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шаралары жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ауданы 124 шаршы шақырым болатын перспективті Қызылту учаскесін барлауды жоспарлап отыр.

«Қазатомөнеркәсіп» атом саласындағы жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытып, өткізу нарықтарын әртараптандыру арқылы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып келеді. Биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіптің» ядролық отын циклі саласындағы қызметі және 2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сай алдағы жұмыс жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар Мейіржан Юсупов «Қазатомөнеркәсіптің» ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту туралы айтты. Компания уран өндірісінің тиімділігін арттыру және сирек әрі сирек кездесетін ілеспе металдарды алу технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Бұдан бөлек, компания биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы жобаларға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды