Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада етпен айналысқан жасырын цех анықталды

Астанада етпен айналысқан  жасырын цех анықталды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Астанада республикалық «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын өңдеу және мүшелеумен айналысқан заңсыз цех анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше, аталған нысанда 2-санаттағы объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес қажетті рұқсат құжаттарынсыз ет өнімдері өңделген. Атап айтқанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды мен есептік нөмір болмаған.

Анықталған дерек бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қой етінен сынамалар алынып, зерттеу жүргізу үшін «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласындағы өңірлік филиалына жолданды.

Құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара малдың жалпы салмағы 360 келі болатын ішкі ағзалары мен қосалқы өнімдері «Астана-Ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының пеш-инсинераторында өртеу арқылы жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды