Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Сингапур азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Сингапур азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Астанада ИКАО Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Сингапурдың азаматтық авиация басқармасы (CAAS) өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті. Тараптар техникалық ынтымақтастықты дамыту, авиация мамандарын даярлау және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Келіссөздерге Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел және CAAS авиацияны дамыту жөніндегі Аға Директоры Сидни Ко қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан ұшу қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы директор Аслан Сатжанов, Ұшуға пайдалану департаментінің директоры Зиа Уль Кабир және Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Руслан Сарин қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен CAAS арасындағы оқыту саласындағы қолданыстағы Өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімін ұзарту және ынтымақтастық бағыттарын кеңейту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, тәуекелге негізделген қадағалау салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторлары мен мамандары үшін Сингапур авиация академиясының (SAA) базасында мамандандырылған тренингтер мен тағылымдамалар ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.

Тараптар авиациялық қауіпсіздік, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау, оның ішінде ИКАО-ның Үздіксіз мониторинг тетігі шеңберіндегі әмбебап тексерулер бағдарламасы (USOAP-CMA) қамтитын бағыттар, сондай-ақ аэронавигациялық жүйелерге қызмет көрсету және авиациялық инновациялар бойынша даярлау бағдарламаларын кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Сингапур тарапы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен CAAS басшылығы деңгейінде жыл сайынғы диалог форматында кездесулер өткізуді ұсынды. Бұл формат тұрақты тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықтың басым бағыттарын келісуге және бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Талқыланған ынтымақтастық бағыттары халықаралық стандарттар мен озық тәжірибені ескере отырып, авиация мамандарының кәсіби құзыреттерін арттыруға және Қазақстанның азаматтық авиация саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды