Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды

Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының «Ой-Қарағай» тау-курортында Қазақстанның ең биігінде орналасқан туристік нысан пайдалануға берілді. «Ақтас» шыңында бой көтерген кешен 2140 метр биіктікте орын тепкен. Оның құрамына мейрамхана, іскерлік кездесулер өткізуге қолайлы конференц-зал мен демалушыларға арналған қонақүй кіреді. Екі жыл бойы жүргізілген құрылыс жұмысына 58 млрд теңге инвестиция салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында сноуборд пен шаңғы тебу алаңы 28-ден 38 шақырымға ұлғайтылды. Сондай-ақ елімізде алғаш рет 10 және 6 орынды аспалы жол іске қосылды. Осылайша, Алматы облысында халықаралық стандарттарға толығымен сай келетін жаңа туристік нысан демалушыларды қабылдауды бастады.

Өткен жылы «Ой-Қарағай» тау-курортына 660 мыңнан астам турист келді. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 20 пайызға артып үлгерген. 

«Қазіргі таңда 350 адамға арналған үлкен конференц-зал мен мейрамхана жұмыс істеп тұр. Бұл әртүрлі бағыттағы қызық шараларды өткізуге өте қолайлы. Сонымен қатар меймандарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, 7 бөлмеден тұратын қонайүйіміз бар. Қысқы спорт түрлеріне арналған жолдың ұзартылуы және екі аспалы жолдың салынуы туристер санын бірнеше есе арттырады деп сенеміз. Бүгінде демалыс аймағына Қазақстаннан бөлек, Ресей, Үндістан, Қытай және Парсы шығанағы елдерінен келетін қонақтар саны артуда. Бұған Алматы облысы әкімдігінің туризм саласында өзге елдермен жасаған тиімді меморандумдары зор ықпал етіп отыр», – деді «Ой-Қарағай» тау-курортының PR бөлімінің басшысы Максим Козлов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматы облысының туризм саласында жалпы құны 638,2 млрд теңге болатын 30 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өткен жылы Үкімет қаулысымен «2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары» бекітілді. Соған сәйкес өңірде 6 негізгі бағыт бойынша 15 жобаны іске асыру көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды