Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша тергеуші сотта жауап берді

Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша тергеуші сотта жауап берді
Фото: Tengrinews.kz

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста аталған істі тергеген Астана Полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Аяжан Нүсіпбекова жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нүсіпбекованың айтуынша, сотталушы Жұбаниязова МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) төрайымы қызметін атқарған кезде қажетті жұмыстарды жүргізбеген.

"Алты ай бойы МИБ төрайымы болған кезде ол ешқандай жұмыс атқармаған, техникалық қорытындыда көрсетілген кемшіліктерді жоймаған. Ол техникалық қорытындыны ұсынбас та еді. Тіпті менің тінту жүргізетінімді де білген жоқ", - деді тергеуші.

Нүсіпбекованың сөзінше, тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес, МИБ төрағасы жылына екі рет үйдің шатырынан бастап басқа да конструкциялық элементтеріне дейін көзбен шолып тексеруі тиіс.

Тергеуші ғимаратты қосымша тексеру кезінде екінші және үшінші қабаттардағы қабырғадағы жарықтарды өзі байқағанын айтты.

"Қосымша тексеру барысында көзім нашар көрсе де, екінші, үшінші қабаттағы жарықтарды өз көзіммен көрдім. Жұбаниязова мұны қалай көрмей қалды және бұл құлаудың алдын неге алмады?" - деп сұрақ қойды ол.

Аяжан Нүсіпбекова МИБ төрайымы тексеру жүргізген кезде ғимараттың жай-күйіне назар аударып, тұрғындарды жинауы немесе мамандарға жүгінуі керек еді деген пікір білдірді.

"Егер ол алты ай ішінде тым болмаса бір рет көзбен шолып тексеру жүргізгенде, жиналыс өткізіп немесе сарапшыларды шақырып: "Неге жарықтар пайда болып жатыр, үйдің сапасы неге мұндай?" деп сұрар еді. Бірақ ол әрекетсіз отырған", - деді тергеуші.

Сонымен қатар полиция қызметкері тұрғын үйдің қасбеті мен конструкциялық элементтері МИБ басқару нысанына жататынын айтты.

Оның айтуынша, МИБ төрайымы үйдің жай-күйін қадағалап, қажет болған жағдайда мамандарға немесе мемлекеттік органдарға жүгінуге бастамашы болуы керек еді.

"Мен Жұбаниязовадан оның құқықтары мен міндеттері туралы сұрадым. Ол тексеру жүргізбегенімен қоймай, тіпті өз міндеттерін де білмейді. Ол қалайша, белгісіз жағдайда (МИБ - ред. ескертпесі) төрайым болып сайланған", - деді Нүсіпбекова.

Сондай-ақ Нүсіпбекова МИБ төрайымы меншік иелерінің жалпы жиналысында ғимараттың жай-күйіне қатысты мәселені көтеруге құқылы екенін айтты:

"Заңда бұл қарастырылмаған, бірақ ол мамандарды, мемлекеттік органдарды шақыруға құқылы, оның тарапынан бастама болуы керек еді. Жиналыс хаттамасын жүргізіп: "Міне, қараңыздар, екінші қабатта жарықтар пайда болып жатыр, мамандарды шақырайық, бұған ақша бөлейік" деп мәселе көтеруі тиіс еді. Ешқандай жиналыс хаттамалары жүргізілмеген".

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді