Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда өнеркәсіптің энергия тиімділігін арттыру шаралары күшейтіледі

Қазақстанда өнеркәсіптің энергия тиімділігін арттыру шаралары күшейтіледі
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Орталық коммуникациялар қызметінде өнеркәсіп саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан саясатқа арналған баспасөз-конференция өтті. Конференция барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков сөз сөйледі. Сондай-ақ жиынға «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов пен «Еуразиялық Топ» ЖШС (ERG) энергетика департаментінің директоры Евгений Никитин де қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Ол осы бағыттағы қазіргі нәтижелерге, энергия ресурстарын ең көп тұтынатын кәсіпорындармен жүргізіліп жатқан жұмысқа және экономикадағы энергия сыйымдылығын одан әрі төмендету жоспарына тоқталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығы 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4%-ға төмендеп, мың АҚШ долларына шаққанда 0,307 тонна шартты отынды құрады.

2029 жылға қарай отын-энергетикалық ресурстарды ұтымсыз тұтынуды қысқарту есебінен экономикадағы энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету жоспарланып отыр. Ал өнеркәсіпте бұл көрсеткішті 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2029 жылға қарай 10%-ға төмендету міндеті қойылған. Бұл межелер Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында айқындалған.

Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі – Мемлекеттік энергетикалық тізілім. Бүгінде оған 22 мыңнан астам субъект енгізілген. Жылына 50 мың және одан да көп тонна шартты отын тұтынатын ірі кәсіпорындар үшін энергия тиімділігінің нысаналы көрсеткіштері белгіленген.

Энергияны ең көп тұтынатын 106 субъектінің 53-і – өнеркәсіп кәсіпорны. Оның 30-ы өңдеу өнеркәсібіне, 23-і тау-кен металлургия кешеніне тиесілі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша энергия ресурстарын ең көп тұтынатын ТОП-10 кәсіпорынның энергия ресурстарын тұтыну құрылымында ең жоғары үлес энергетика секторына тиесілі - 44,7%. Өнеркәсіп 42,4%, ал мұнай-газ саласының үлесі 12,9% құрады.

Он ірі субъектінің энергия үнемдеу әлеуеті 1,6 млн тоннадан астам шартты отынды құрайды. Осы әлеуетті іске асыру өндірістік үдерістердің энергия тиімділігін арттырып, қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан ЖІӨ-сінің энергия сыйымдылығы тағы 1,5%-ға төмендеуі мүмкін.

Бауыржан Смағұлов Мемлекеттік энергетикалық тізілім жұмысының нәтижелеріне тоқталды. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша 2014 жылдан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 113,4 млрд теңгенің энергия үнемдеу шараларын жүзеге асырып, 51,44 млрд теңге үнемдеген.

Евгений Никитин өнеркәсіпте пайда болатын қайталама жылу энергиясын тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне назар аударды. ERG оны энергия тиімділігінің дербес бағыты ретінде айқындап, мұндай жобаларды іске асырудың, соның ішінде жылу желілеріне қосылудың бірыңғай тәртібін қалыптастыруды ұсынады.

Брифинг барысында мемлекеттік бақылау мәселелеріне де назар аударылды. Бұл ретте ұсынылатын деректердің дұрыстығына, энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына, міндетті энергия аудитінің жүргізілуіне және энергия тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге басымдық беріледі.

Қазіргі уақытта Құрылтайда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша екі заң жобасы қаралып жатыр. Ұсынылған өзгерістер энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды Экологиялық кодекстің ережелерімен үйлестіруді, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді жетілдіруді, энергия сервистік нарығын дамытуды және энергия тиімділігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Сөз соңында Олжас Әлібеков энергия тиімділігін арттыру энергия ресурстарын үнемдеумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Бұл – шығындарды азайтуға, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды бағыт.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді