Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аида Балаева білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Аида Балаева білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңесте алдымен жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оқушыларды қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, тұрақты бақылауда екені атап өтілді.

Аида Балаева жаңа оқу жылына дайындық барлық деңгейде кешенді тәсіл мен айрықша назарды талап ететінін айтты. Сондай-ақ негізгі міндеттер қатарында білім беру инфрақұрылымының толық дайындығын қамтамасыз ету, мектептерді қажетті ресурстармен уақтылы жабдықтау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету мәселелерін атады.

Премьер-министрдің орынбасары жоспарланған барлық іс-шараларды сапалы өткізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Кеңесте қаралған екінші мәселе – балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, балалар сауықтыру орталықтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оған қатысты өңірлер арасында озық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Биыл 17,8 мың бала, оның ішінде ауылдық жерлерден 5 890 бала басқа өңірлердегі сауықтыру орталықтарына жіберілген. Мұндай тәсіл қолда бар инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, балалардың сапалы сауықтыру демалысына қолжетімділігін кеңейтуге және өңірлер арасындағы мүмкіндіктер теңсіздігін азайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар балалар сауықтыру орталықтарының қауіпсіздігі мен лицензиялануы, сондай-ақ олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі жеке қаралды. Бүгінде 131 балалар сауықтыру орталығы лицензия алған.

Вице-премьер балалардың қауіпсіздігі сөзсіз басымдық болып қала беруге және тұрақты бақылауда болуға тиіс екенін атап өтті. Бұл тамақтанудың сапасы мен қауіпсіздігінен бастап, балаларды тасымалдау талаптарының сақталуына, қоғамдық, санитариялық және өрт қауіпсіздігіне, сондай-ақ су айдындары мен адамдар көп жиналатын орындардағы қауіп-қатердің алдын алуға дейінгі барлық мәселені қамтиды.

Аида Балаева профилактикалық шараларды күшейтіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және осы жұмысқа тартылған барлық қызметтің жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жазғы сауықтыру науқанын қорытындылаған Премьер-министрдің орынбасары атқарылған жұмыстарға кешенді талдау жүргізуді, қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауды және оның нәтижелерін алдағы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде ескеруді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді