Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Инватакси Астана мен Алматыда 250 мыңнан астам сапарға қызмет көрсетті

Инватакси Астана мен Алматыда 250 мыңнан астам сапарға қызмет көрсетті
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді. Соның бір бағыты – инватакси қызметін дамыту,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қызмет мүгедектігі бар адамдарға қала ішінде еркін әрі ыңғайлы жүруге мүмкіндік береді. Арнайы көлікпен жұмысқа, оқуға, медициналық және оңалту орталықтарына баруға болады. Осылайша азаматтардың күнделікті өмірге белсенді араласуына жағдай жасалады.

Қазір инватакси қызметін пайдалану да жеңілдей түсті. Көлікке тапсырыс беру кезінде ұзақ күтудің және артық құжат рәсімдеудің қажеті жоқ. Қызмет көрсету жүйесіне заманауи цифрлық шешімдер енгізіліп, танымал такси сервистерімен ықпалдастық жолға қойылған.

Биыл 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында Астана мен Алматыда инватакси 251 мыңнан астам сапарға қызмет көрсетті.Астанада бұл қызметті күнделікті пайдаланатындар көп. Олар инватаксимен жұмысқа, білім алуға, медициналық және оңалту орталықтарына барып жүр.

Жеті айдың ішінде елордада 934 адам инватакси қызметін пайдаланып, жалпы 211 916 сапар жасаған. Ал 2026 жылдың шілде айының өзінде ерекше қажеттілігі бар 735 елорда тұрғыны 25 282 рет инватакси қызметіне жүгінген.

Алматыда да қызметті пайдаланушылардың саны жоғары. Жыл басынан бері 1 512 адам 39 802 сапар жасаған. Шілде айында 838 алматылық 5 166 рет инватакси қызметін пайдаланған.

Инватакси қызметінің дамуы мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жерге уақытында жетуге, күнделікті шаруаларын өз бетінше атқаруға және қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беріп отыр.

Еңбек министрлігі алдағы уақытта да әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыру және мүгедектігі бар адамдарға қажетті қызметтерді қолжетімді ету бағытындағы жұмысты жалғастыра береді. Негізгі мақсат – әр азаматқа қажетті көмекті уақытында әрі ыңғайлы түрде ұсыну.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді