Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 112 мыңнан астам тапсырыс берді

2026 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 112 мыңнан астам тапсырыс берді
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2026 жылдың басынан бері Астана және Алматы қалаларында аталған қызмет 112,6 мың рет көрсетілді, оның ішінде ақпан айында – 35,4 мың рет, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін 489,8 мың рет пайдаланған.

Бұған дейін инватакси қызметіне тапсырыс беру үшін сапардан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет болатын. Бұл айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды: әр сапарды алдын ала жоспарлауға, көлікті ұзақ күтуге тура келді, сондай-ақ мамандандырылған көлік саны шектеулі болды.

Қызметті барынша ыңғайлы әрі жедел ету мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп такси агрегаторларын тарту жөніндегі пилоттық жобаны бастамашылық етті.

«Яндекс» компаниясы жобаны қолдап, оған комиссия алмай қатысуда. Бұл сапар құнының толық көлемін тікелей мүгедектігі бар жолаушыларға көрсетілетін қызмет ақысын төлеуге бағыттауға мүмкіндік берді.

Мүгедектігі бар азаматтар пилоттық жоба аясында жеңіл автокөліктерге тапсырысты Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Бұл қызмет алушы үшін көлікті жедел таңдауға, тапсырыс мәртебесін онлайн режимде қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіні сапар барысындағы қажеттіліктері туралы алдын ала хабардар ете алуы үшін арнайы мүмкіндіктер экраны қарастырылған. Өз кезегінде, жүргізушілер жолаушыны көлікке отырғызу және одан түсіру кезінде көмек көрсету тәртібі бойынша арнайы нұсқаулар алады.

Биыл Астана және Алматы қалаларында жобаны жүзеге асыру пилоттық режимде жалғасатынын еске саламыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады