Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да стационарларда науқастарға арналған орын жоқ деген ақпарат жоққа шығарылды

Жақында әлеуметтік желілерде  жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері облыс орталығының тұрғындарына орын жоқ екенін түсіндіріп, ауруханаға жатқызудан бас тартқан видео пайда болды. Бұл ақпаратты денсаулық басқармасында жоққа шығарды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Арнайы баспасөз конференциясында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 3709 инфекциялық төсек орын орналастырылғанын, ауруханаларда 720 адам емделіп жатқанын хабарлады. Облыс бойынша төсек қоры 19 пайызға ғана жүктелген. Атап айтқанда, Өскеменде стационарларға 1240 адамды орналастыру мүмкіндігі бар, ал қазіргі уақытта 464 тұрғын ауруханаға жатқызылды. Облыс орталығының төсек қорының жүктемесі 37,4 пайызды құрайды. 

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Өскемен қаласының ауруханасына Зайсаннан келген науқас туралы айтылған. 

Бейнематериалда дәрігерлердің оны ауруханаға жатқызудан бас тартқаны көрсетілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, оған клиникалық хаттамаларға сәйкес науқасты ауруханаға жатқызу көрсеткіштерінің болмауы себеп болған. 

- Әлеуметтік желіде тараған видеода мәселе толық көрсетілмеген. Тек үзінділері ғана алынған. Біздің стационарларымызда жеткілікті, коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры қамтамасыз етілген. Диагностика жасау және емдеу хаттамасында белгілі бір ерекшеліктер бар. Оларға сәйкес, кейбір пациенттерді үй жағдайында, кейбір науқастарды стационар жағдайында емдеу қажет. Егер сізде дене қызуы немесе басқа да белгілер пайда болса, бірден ауруханаға барудың қажеті жоқ екенін түсіну керек. Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға қоңырау шалыңыз, учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Жағдайы нашарлаған жағдайда ол ауруханаға жатқызу мәселесін шешетін болады, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сергей Попов егер пациентте медициналық мекемеге қандай да бір шағым пайда болса, оның құқықтары бұзылғанын, онда әрбір ауруханада телефоны көрсетілген пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болатынын атап өтті. Бұдан басқа, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 8 (7232) 701-131 бірыңғай анықтама телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ шағымдармен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді