Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді

Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді
Фото: pixabay.com

Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.

Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.

Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.

Атап айтқанда, Зитмак 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап 20 мг №14 – 20,1%-ға төмендеді. Сонымен қатар, Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.

Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады

Дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, цифрлық құралдар фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді жедел анықтап, белгіленген шекті бағалардың асып кету жағдайларына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Тұтынушылар үшін қосымша тексеру құралы ретінде Naqty Onim мобильдік қосымшасы қолжетімді. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана, сондай-ақ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.

Мемлекеттік баға реттеуі барынша нысаналы сипатқа ие болды

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі басымдық әлеуметтік маңызы бар және халық арасында сұранысқа ие препараттарға берілген.

Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеуі 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Ал 4 918 препарат, оның ішінде рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын рецепт арқылы босатылатын препараттар мемлекеттік баға реттеуінен шығарылды.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл мемлекеттік бақылауды халық үшін ең маңызды дәрілік заттарға шоғырландыруға және сонымен қатар фармацевтикалық нарыққа түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Шекті бағалардың сақталуына бақылау жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіп, онда дәрілік заттарды жеткізудің тұрақтылығы және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді