Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісін аңдып, психологиялық қысым көрсеткен ер адам ұсталды

Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісін аңдып, психологиялық қысым көрсеткен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында  аудан тұрғыны бұрынғы танысының мазасын қашырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, бұрын өзі кездескен әйелмен айырылысқаннан кейін ер адам оның шешімімен келісе алмаған. Әйелдің онымен үш жыл бұрын қоштасып, өзге ауылға қоныс аударғаны да 42 жастағы ер адамның қысымына кедергі болмаған. Ол әйелге әртүрлі телефон нөмірлерінен қайта-қайта қоңырау шалып, балағаттаған, моральдық және психологиялық қысым көрсеткен. Бұдан бөлек, жәбірленуші тұратын елдімекенге барып, үйін аңдыған. Жұмыс орнына да келіп, әйелдің әріптестері арасындағы беделіне нұқсан келтіруге тырысқан.

Полиция сталкинг фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке махаббат себеп болғанын айтып ақталды. Полиция азаматтарға ескертеді: адамның жеке өміріне қол сұғу, оның еркіне қарсы қайта-қайта байланысқа шығу, аңду және психологиялық қысым көрсету заңмен жазаланады. Мұндай әрекеттерді “махаббат” немесе жеке қарым-қатынастармен ақтауға болмайды. Кез келген азаматтың қауіпсіздігі мен жеке шекарасы заңмен қорғалады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді