Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда жоғалған банк картасымен дүкен аралаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда жоғалған банк картасымен дүкен аралаған күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Қарағанды тұрғыны әмиянын жоғалтқанын банк мобильді қосымшасынан келген хабарламалар арқылы ғана білген. Белгісіз біреу оның банк картасын пайдаланып, дүкендерде сауда жасап үлгерген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

59 жастағы азаматтың айтуынша, мобильді қосымшаға картадан қаражаттың шешілгені туралы хабарламалар келе бастаған. Осыдан кейін қалтасын тексерген ол әмиянының жоғалғанын анықтайды. Әмиянның ішінде банк карталарынан бөлек, жеке куәлігі мен қолма-қол ақшасы да болған. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінгенімен, әмиянның нақты қай жерде және қандай жағдайда жоғалғанын айта алмаған. Соған қарамастан тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын дереу бастап, күдіктіні іздеуге кірісті.

Жедел қызметкерлердің кәсіби әрекетінің нәтижесінде көп ұзамай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша ол жәбірленушінің банк карталарын пайдаланып, сауда орындарында төлем жасаған. Күдіктіні ұстау барысында іске қатысты заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді