Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды

Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері алаяқтардың азаматтардан алдап алған ақшалай қаражатын банк карталары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 18–25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20–30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқандығы анықталды. Аталған банк карталары, алаяқтық жолмен иеленген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, осы банк карталары арқылы шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық жолмен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 60-тан астам дроппер анықталып, ұсталды. Полицейлер олардың барлығына қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдауда. Полиция азаматтарға банк карталарын, банк шоттарын немесе олардың деректемелерін бөгде адамдарға беруге, сатуға немесе пайдалануға ұсынуға болмайтынын ескертеді. Мұндай әрекеттер қылмыстық схемаларға қатысу ретінде бағаланып, заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді