Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда қарақшылық шабуыл мен ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағандыда қарақшылық шабуыл мен ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда қарақшылық шабуыл мен ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда полицейлер қарақшылық шабуыл мен ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын жедел түрде қолға түсірді. Күдіктінің әрекеті бірнеше қылмыстық эпизодқа қатысы бар екенін тергеу барысында анықталды. Оқиға дүйсенбі күні күндіз болған. 67 жастағы қала тұрғыны дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда, артынан жүгіріп келген белгісіз ер адам оның мойнындағы алтын алқаны жұлып алып, ізін суытқан. Жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды 400 мың теңгеге бағалады. Зейнеткер бірден полицияға хабарласып, күдіктінің сыртқы келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары алынған бағдар бойынша күдіктінің жеке басын және жүрген жерін қысқа мерзімде анықтап, оны ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, ұрланған алтын алқаны ломбардқа өткізіп үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері зергерлік бұйымды айғақты зат ретінде тәркілеп, қайтарып алды. Тергеу барысында күдіктінің бұл қылмысқа алдын ала дайындалмағаны, бірақ оған дейін велосипед ұрлағаны белгілі болды. Ұрланған велосипедпен келе жатып, мойнында алтын алқасы бар зейнеткерді байқап, көлікті жақын маңдағы аулалардың біріне қалдырады. Содан кейін әйелге шабуыл жасап, алтын алқасын жұлып алып, қайтадан велосипедке мініп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұрланған велосипедтің заңды иелері анықталып, өз мүлкін таныды. Күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Полицейлер оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді