Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада нөсерлі кәріз жүйелері, кәріздік тазарту құрылысы және су құбыры салынып жатыр

Астанада нөсерлі кәріз жүйелері, кәріздік тазарту құрылысы және су құбыры салынып жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан инфрақұрылым нысандары туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйелерін, нөсерлі кәріздерді, сумен жабдықтау жүйелерін және т.б. инфрақұрылым нысандарын салу бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр.

Ауыз су тапшылығын болдырмас үшін өткен жылы станцияларға бастапқы суды тәулігіне 50 мың м³ көлемінде жеткізетін техникалық су құбырын салуды бастадық.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 3,2 км құбыр салынды. Биыл 5 айда – 5,8 км. Осыған дейін, 2023 жылы үшінші сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) жұмысы іске қосылған болатын.

Алдағы жылдары магистральды су құбыры желілерін салу бойынша шамамен 20 жобаны іске асыру қажет. Қаланың дамуы мен су тұтыну көлемінің артуын ескерер болсақ, аталған жобаларды жүзеге асыру елорданы сенімді әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елорданың су бұру жүйесіне тоқталсам: өткен жылы шаруашылық-тұрмыстық кәріз желілерінің 10 шақырымы және кәріз-сорғы станциясын салу бойынша 2 жоба толық аяқталды. Биыл 2 кәріз-сорғы станциясын салу бойынша 2 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта орташа су бұру көлемі – 350-360 мың м³/тәулік (жыл сайынғы өсім шамамен 10 мың м³/тәулік) деңгейінде. Ағынды сулар қолданыстағы кәріз-тазарту құрылыстары (КТҚ) арқылы тазартылады.

Қуаттылығын арттыру мақсатында биыл тәулігіне 188 мың м³ өнімділікке ие КТҚ-2 нысаны және оған кіретін-шығатын коллекторлар құрылысы басталады.

Сонымен қатар Көктал, Өндіріс елді мекендерінде және Индустриялық парк аумағында жалпы өнімділігі тәулігіне 85 мың м³ болатын жергілікті тазарту құрылысын (ТҚ) жобалау жұмысы жүргізілуде, сондай-ақ қолданыстағы КТҚ-1 нысанын жаңғырту арқылы оның өнімділігін тәулігіне 25 мың м³-ге арттыру жоспарланып отыр.

Елорданың нөсерлі кәріз жүйесі 20 тазарту құрылысы мен бір жинақтау тоғанынан, сондай-ақ 621 км болатын магистральдық коллектордан, нөсерлі, дренажды және арық-науалы кәріз желілерінен құралады, олар 20,1 мың гектардан астам аумақтың жерүсті ағын суларын бұруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары нөсерлі, дренажды және арық-науалы кәріз жүйелерінің магистральдық коллекторлары бойынша 22 км-ден астам желі салынып, қайта жаңғыртылды, сондай-ақ 9 сорғы станциясы мен 6 тазарту құрылысы іске қосылды. Мәселен, 2025 жылы 5 нысан бойынша құрылыс жұмысы аяқталды: Қорғалжын тас жолының солтүстігі, ТҚ III-6-ға №2 коллектор (Ильинка елді мекені), II-4 ауданындағы (Мыңжылдық) ТҚ және т.б. Нәтижесінде жүргізілген шаралар арқылы жерүсті ағын суларын бұру аумағы 16,7 мың гектардан 20,1 мың гектарға дейін кеңейтілді.

Триатлон паркі ауданындағы ТҚ 1-4 және Ақжол көшесі бойындағы ТҚ 6-1 тазарту құрылысын салу және кеңейту жұмысы жүріп жатыр. Бұл жобаларды іске асыру Алматы мен Байқоңыр аудандарындағы бірқатар көше мен жолды су басу қаупін азайтады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды