Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

Президентке өңірдің былтырғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлімет берілді.

Асайын Байханов өткен жылдың қорытындысына сәйкес, Павлодар облысында барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатыны жөнінде баяндады. Өңір экономикасына шамамен 1,3 триллион теңге инвестиция тартылып, өсім 47 пайызды құрағанын айтты.

Инвестиция тарту жөнінен облыс республикадағы көшбасшылардың бірі саналады.Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,1 триллион теңгеге жетті.  Елімізде өндірілетін көмір мен ферроқорытпаның 58 пайызы, электр қуатының 42 пайызы Павлодар облысына тиесілі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9,6 пайызға артып, 571,4 миллиард теңгеге жетті. Ылғал үнемдеу технологиясын қолдану бойынша Павлодар облысы өңірлер арасында алдыңғы қатардан көрініп, шаруалар картоп, күнбағыс және қарақұмықты мол жинады.

Асайын Байханов әлеуметтік міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат берді. Өңірде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, қалаларда 2 мектеп және ауылдарда 3 мектеп, сондай-ақ 30 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Биыл тағы 2 мектеп салу және әлеуметтік маңызы бар 5 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Павлодар облысының әкімі былтыр ауылдардың барлығы таза ауыз суға қол жеткізгенін мәлімдеді. Өңірдің үш қаласындағы қоғамдық көлік паркі толық жаңартылды. Жақсы жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі 96 пайызға көбейіп, 621 шақырым автокөлік жолы және ауыл ішіндегі көшелер жөнделді. Биыл өңірдегі перспективті ауылдардың кіреберіс жолдарын асфальттау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салу, әуежайдың ұшу-қону жолағын және «Шахтер» саябағын жаңғырту, трамвай паркін жаңарту, үшінші ГРЭС салу және «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы жайында есеп берді.

Президент Екібастұз қаласының әуе қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, облыс әкіміне шаһарда жаңа әуежай ашу мәселесін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Бұл жобаны іске асыру өңірдің көлік-транзит әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуына тың серпін береді. Мемлекет басшысы инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және инженерлік-коммуналдық кешенді жаңғырту жұмыстарын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
9 комментариев
  • Darell
  • 01-06-2026, 02:20
  • : 02:20
References: Casino sanremo online https://berthacjlk540017.livebloggs.com/48337322/casino-of-gold-dein-ultimative
r-guide

References: Double diamond slots https://namumeistras.lt/user/profile/15296
  • Ima
  • 01-06-2026, 03:26
  • : 03:26
References: Wild rose casino clinton iowa siobhanvtmn788430.anchor-blog.com
  • Delphia
  • 01-06-2026, 04:47
  • : 04:47
References: Best online casino https://ancientroman.space/wiki/Offizielles_Casino_Deutschland_2026
  • Eulah
  • 01-06-2026, 06:04
  • : 06:04
References: Wild horse pass casino https://gerardzvnx691387.bleepblogs.com
References: Apex casino strazny https://rentry.co/u7zd8dt8
  • Meagan
  • 04-06-2026, 00:47
  • : 00:47
References: Online slot machines aryba.kg
  • Bradly
  • 04-06-2026, 10:52
  • : 10:52
References: Great northern casino https://gaiaathome.eu
  • Remona
  • 04-06-2026, 13:18
  • : 13:18
References: Eurocasinobet https://doc.adminforge.de
  • Xavier
  • 04-06-2026, 22:58
  • : 22:58
References: Harrah's ak chin casino https://nomadwiki.space/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды