Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысындағы туристік нысандардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды

Алматы облысындағы туристік нысандардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысындағы Күрті су қоймасында ауқымды сенбілік өтті. Оған ауыл тұрғындары, жастар, еңбек ұжымдары мен еріктілер қатысты. 500 ге тарта адам көздің жауын алатын Күртінің айналасынан 5 тоннаға жуық қоқыс жинады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күндік демалыста өңірдегі туристік нысандардың тазалығына ерекше ден қойылған. “Тазалық күні” акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Күрті су қоймасы «Қыз Жібек» көркем фильмі арқылы халыққа кең танылған мекен. Тарихи аймақ қазір қайта жанданып, туристер жиі келетін демалыс орнына айналған. Бұл жерге күніне 1500-2000-ға жуық саяхатшы келеді. Сондықтан тұмса табиғаттың тазалығы басты назарда. Бүгінгі сенбілікке облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те атсалысып, экологиялық мәдениетті сақтаудың маңызына тоқталды.

«Алматы облысында қызықтап-көретін табиғаты ерекше нысандар көп. Өзен-көл, тау-қыратымен қоса жазық даласы да жанға жайлылық сыйлайды. Ал Іле ауданына келген қонақ дархан даланың кереметіне куә болады. Қазіргі таңда Күрті су қоймасы үлкен танымалдыққа ие болып, туристердің сүйікті мекеніне айналған. Сондықтан аумақтың таза әрі жайлы болуы маңызды», – деді өңір басшысы.

Шараға қатысқан Ақши ауылының тұрғыны Мөлдір Торғаева:

«Кең байтақ жеріміздің көркін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бүгін сенбілікке қатысып, сұлу мекеннің сәнін кетірген қоқыстарды жинадық. Мұнда отбасымызбен жиі келіп тұрамыз. Байқауымша, Күртіге келетін қонақтар саны артқан. Сондықтан көздің жауын алатын табиғат жауһарын қорғау –баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – дей келе, тұрғындарды тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, «Тазалық күні» акциясы облыстағы танымал туристік бағыттардың бәрінде қызу жүргізілді. Облыс бойынша бүгінгі тазалық жұмыстарына 12 мыңға жуық адам қатысып, 135 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 205 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды. «Тазалық күні» акциясы ертең, яғни 3 мамыр күні де жалғасып, үш күн бойы жүргізілген тазалық шаралары қорытындыланатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады