Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық қыздың өнері The Voice шоуының әлемдік рейтингіне енді

18 жастағы Құралай Мейрамбектің "Голос" ("Qazaqstan дауысы") шоуындағы өнері Best of The Voice әлемдік рейтингіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YouTube-та әлемнің түкпір-түкпірінен The Voice шоуына қатысушылардың ең жақсы нөмірлері жиналды. Осы аптаның рейтингіне соқыр тыңдалым кезінде қазылар алқасын даусымен тәнті еткен Қызылорда облысының тумасы кірді. Бойжеткен "Қорқыт-қобыз" композициясын орындап, оған төрт тәлімгер де бұрылды. Құралай Сәкен Майғазиевтің командасына барды.

Құралай Мейрамбек бес жасынан ән айтады, ол "Ботақан" байқауының жеңімпазы. Қазір орындаушы Қазақ ұлттық өнер университетінде "арт-менеджмент" мамандығы бойынша оқиды.

"Іріктеуге басқалар сияқты биыл мамырда келдім. "Qazaqstan дауысына" алғаш қатысуым. Тыңдалымға "Қорқыт-қобыз" әнін таңдадым, себебі Қызылорда облысының тумасымын, ән жүрегіме жақын. Бірінші кезеңнен өттім, қазір екіншісіне дайындалып жатырмын", - дейді қыз. 

2011 жылы жас орындаушы Испанияның Ллорет-де-Мар қаласында өткен халықаралық байқауда бірінші орын алған. Сонымен қатар, сол жылы ол Витебскідегі "Славян базары" халықаралық балалар байқауында бірінші орын алып, арнайы сыйлыққа ие болған. Құралай Мозамбикте өткен IFLC Mozambique байқауына да қатысқан, 2015 жылы румын-түркі олимпиадасында жеңіске жеткен.

Қыз болашақта халықаралық деңгейге шығып, халықаралық шоуларға қатысуды және онда Қазақстан мәдениетін таныстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді