Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды

Ақмолада қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қыркүйекте басталған “Стоп-трафик” республикалық арнайы операция аясында полиция қызметкерлері бірқатар қылмыстарды анықтады.

Алты күн ішінде криминалдық, әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің бірлескен күштерімен рейдтік іс-шаралар өткізілді, оның барысында өнеркәсіптік объектілер, ауылдық шаруашылықтардың аумақтары, монша кешендері, қонақ үйлер мен көңіл көтеру орындары тексерілді.

Өткен кезеңде өңірде адам саудасына байланысты 5 қылмыс, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі анықталды.

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Куәгерлік және мойындау айғақтары бар.

Екі факт бойынша да ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Айта кету керек, осы баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол қиын материалдық жағдайын пайдаланып, басқа жергілікті тұрғынды жезөкшелікпен айналысуға тартқан. ҚР ҚК 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді